Румынияда метапневмовирустың алғашқы дерегі тіркелді

Румынияда метапневмовирустың алғашқы жағдайы тіркелді.

Вирусты жұқтырған науқас Бихор уезінің тұрғыны екені анықталды. Бұл туралы жергілікті қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді. 67 жастағы науқас әйел жақын арада шетелге шықпаған. Қазір оның вирусты қалай жұқтырғаны туралы тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Аурудың алғашқы белгілері 26 желтоқсанда байқалған.