Австрия СІМ уақытша канцлер ретінде ант берді
Австрия Сыртқы істер министрі Александр Шалленберг уақытша канцлер ретінде ант берді. Осы лауазымда ол жаңа үкімет құрылғанға дейін жұмыс істейді.
Өткен аптада Австрияның бұрынғы канцлері Карл Нехаммер коалициялық үкіметті құру жөніндегі келіссөз сәтсіз аяқталғаннан кейін отставкаға кететінін жариялаған болатын. Кейін ел президенті оңшыл күштердің көшбасшысына жаңа үкімет құруды тапсырды. Егер жаңа үкімет жасақталмаса, Австрияда жаңа сайлау өтуі мүмкін.