Дамаскідегі мешітте тамаққа таласқан адамдар бірін-бірі таптап өлтірді

Дамаскідегі мешітте тамаққа таласқан адамдар бірін-бірі таптап өлтірді

Сирия астанасы Дамаскіде атақты Омейядтар мешітінде адамдар бірін-бірі таптап, 4 адам мерт болды. Тағы бірнеше тұрғын жараланған. Құрбандар және зардап шеккендер арасында балалар бар. Бұл туралы қаланың денсаулық сақтау мекемесінің басшысына сілтеме жасаған жергілікті ақпарат құралдары хабарлады. Ал Associated Press агенттігі мешітке жиналған адамдардың тегін таратылған тамаққа таласқанын айтады. Қауіпсіздік қызметі мешітті уақытша жапты.

Омейядтар мешіті – әлемдегі ең ежелгі ғибадатханалардың бірі. Ол 709-715 жылдары салынған.  

Банаа Бахрие, құтқарушы:

- Бұрынғы режим құлаған соң адамдар бұл мешітке көп келе бастады. Тіпті басқа аймақтардан келгендер бар. Сөйтіп, адам қарасы молайды. Өкінішке қарай, бірнеше кісі құрбан болды.

Мәриям Әл-Әли, мешіт жамағаты:

- Башар Асад халықты қаншама жыл аштықта ұстады. Бәрі бір табақ күріштен басталды. Тамақты көрген адамдардың есі шығып кеткен. Бәрі бірінші болып алғысы келеді.