Иран жер астындағы зымыран жасау зауытын көрсетті

Иран жер астындағы зымыран жасау нысанын көрсетті. Бейнежазбаны «Рейтер» агенттігі жариялады. Бірақ онда нысанның нақты қай жерде екені айтылмаған. Қазір Таяу Шығыстағы жағдай қатты ушығып тұр. Әсіресе Иран мен Израиль текетіресі күшейе түскен. Өткен жылдың қазанында Израиль Тегеран маңы мен елдің батысындағы бірнеше зымыран зауытына әуе шабуылын жасаған болатын. Бірақ парсы елінің қорғаныс күштері қарымта соққы берген еді.  

Хоссейн Салами, Иран төңкерісшіл жасақ корпусы қолбасшысы:

- Күн сайын біз жаңа зымырандар жасап, санын көбейтіп жатырмыз. Жауымыз біздің өндіріс қуатымыз әлсіреді деп ойлайтын шығар, бірақ олар оңбай қателеседі.