Газадағы құрбандар саны ресми көрсеткіштен анағұрлым көп — зерттеушілер
Газа секторындағы құрбандар саны ресми көрсеткіштен анағұрлым көп. Бұл туралы Лондон Гигиена және тропикалық медицина мектебінің зерттеушілері мәлімдеді.
Олардың мәліметі бойынша Израиль шабуылдарынан 70 мың палестиналық қаза тапқан. Ал Газаның денсаулық министрлігі көз жұмғандар саны 46 мыңнан асты дейді. Зерттеушілер құрбандар санының артуына Израильдің тікелей шабуылдары, медициналық инфрақұрылымдардың қирауы, азық-түлік, таза су тапшылығы басты себеп дейді.