2024 жыл адамзат тарихындағы ең ыстық мезгіл болып танылды
2024 жыл адамзат тарихындағы ең ыстық мезгіл болып танылды. Дүниежүзілік метеорология ұйымы осындай қорытындыға келген.
Былтыр әлемдегі орташа ауа температурасы алғаш рет 1,5 градусқа көтерілді. Ұйым жер серіктері, кемелер, ұшақтар мен метеостансалардан алынған миллиардтаған метерологиялық өлшемдерге сүйенген. Ресми нәтижені Коперник атындағы климатты бақылау жөніндегі Еуропа қызметі ұсынды. БҰҰ басшысы Антониу Гутерриш әлем елдері үкіметтерін климат өзгерісімен күресудің биылға арналған жоспарын ұсынуға шақырған. Жыл басынан бері Үндістанда аптап ыстықтан жүзден астам адам көз жұмды.