ХАМАС бітім туралы келісімді мақұлдады

ХАМАС Газа секторындағы бейбіт бітім келісімін мақұлдады. Бұл туралы «Әл Джазира» телеарнасы хабарлайды. Енді ертең Израиль үкіметі бұл мәселені дауыс беруге шығарады. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен: «Жанжалдасушы тараптар алдағы сағаттарда бір мәмілеге келуі мүмкін», – дейді.

Құжат жобасы Катардағы келіссөздер кезінде ұсынылған. Ол 2 кезеңнен тұрады. Алғашында тараптар тұтқындармен алмасу керек. Артынша атыс-шабысты тоқтап, еврей елі Газа секторынан өз әскерін алып кетуі тиіс.