SpaceX компаниясы Айға екі аппарат ұшырды

Спэйс Икс компаниясы Айда жүруге арналған екі аппаратын ұшырды.

Бұл НАСА бағдарламасының бір бөлігі болғанымен жеке компаниялардың тапсырысымен аттандырылған. Модульдердің алғашқысы Айға наурызда қонуы керек. Оның аспан денесіне жетуіне 4-5 ай қажет. Аппараттар Ай бетін суретке түсіріп, түрлі мәлімет жинаумен айналысады. Сонымен қатар Жер планетасынан алшақта азық-түлік өнімдерін өндіру мүмкіндігін зерттейді.