Бейбіт келісім жарияланғалы бері 123 палестиналық қаза тапты

Газа секторында қақтығысты тоқтату туралы келісім жарияланғалы 123 палестиналық қаза тапты. Тағы 270 адам жарақат алды. Зардап шеккендердің дені – әйел мен бала. Бұл туралы жергілікті азаматтық қорғаныс басқармасы мәлімдеді.

Бүгін Израиль әскері Газа секторының орталығындағы Нусейрат лагерін тағы атқылады. Іле-шала оңтүстіктегі Хан Юнис ауданын бомбалады.

Еске салайық, осы аптада Израиль билігі Газа секторында қақтығысты тоқтату жөнінде келісімді бекітті. Ол ертең жергілікті уақытпен таңғы сағат 07:30-да күшіне енеді.