Лос-Анджелестің он бір мыңнан астам халқы үйіне оралды

Лос-Анджелестің 11 мыңнан астам тұрғыны үйіне оралды.

Олар өрттен келген шығынды есептеп, тұтынуға жарамды дүние-мүлкін сақтау үшін қайтып келіп жатыр. Билік өрт оқшауланған кей аудандарға үй иелеріне кіруге рұқсат етті. Бірақ кіреберісте полиция қауіпсіздікті қадағалау мақсатында барлық келушілерді құжатын тексеріп барып өткізеді. Лос-Анджелесте өткен аптада тұтанған оттан 27 адам опат болды. Сарапшылардың бағалауы бойынша табиғат апатынан келген шығын 250 миллиард доллардан асуы мүмкін.