ХАМАС 3 израильдік тұтқынды босатты

Олар 24, 28 және 31 жастағы қыздар. ХАМАС оларды «Қызыл крест» халықаралық ұйымына табыстады. Бұл ХАМАС пен Израиль арасындағы келісімнің бірінші кезеңінің талабына жатады.

Израиль әскері тұтқындарды елге жеткізді. Олар толық медициналық тексерістен өтеді. ХАМАС тұтқынында әлі 30 израильдік бар.

Ал Израиль 90 палестиналық тұтқынды босатты. Олардың арасында 21 жасөспірім мен 69 әйел бар. "Рейтердің" хабарлауынша, оларды 2 автобуспен Иордан өзенінің Батыс жағасына алып келген. Босатылуға тиіс палестиналықтар саны – 1900 адам. ХАМАС пен Израиль арасындағы бейбіт бітімнің 3 кезеңі бар. Бірінші кезеңі 42 күнге жоспарланған. Бұл уақытта барлық тұтқындар үйіне қайтарылуға тиіс.