Трамп жеке $trump криптовалютасын шығарды

Дональд Трамп жеке криптовалютасын шығарды. Жаңа электронды ақша нарыққа енгеннен кейін капитализациясы 14 миллиард долларға дейін өсті.

Айналымға 200 миллион токен шығарылды. Ал келесі үш жылда олардың саны 1 миллиардқа жетуі мүмкін. Мұндай валюталар көбіне түрлі трендтердің танымалдығын арттыру үшін қолданылады. Дегенмен бұл тұрақсыз валюталар. Криптовалюта құны Дональд Трамптың сайлаудағы жеңісінен кейін күрт өсті. Мысалы биткоин желтоқсанда тарихи көрсеткішке жетіп, 108 мың долларға жетті.