Хуситтер әлем экономикасына $200 млрд шығын келтірді
Хуситтер әлем экономикасына 200 миллиард доллар шығын келтірді. Йемендік қарулы топ Қызыл теңіз арқылы өткен сауда кемелеріне шабуыл жасады.
Сондықтан су көлігінің көбі Африканы айналып өткен. Осының кесірінен тауар тасымалының бағасы 5 есе көтерілді. Бұл туралы британиялық «Экономист» журналы хабарлады. Бір рейстің құны шамамен 1 миллион долларға тең. Сондай-ақ Қызыл теңіздегі тасымал тарифтері 20 есе қымбаттады. Мысыр ең үлкен шығынға ұшырап, Суэц каналынан түсетін табыстың 7 миллиард долларынан айырылған. Ал АҚШ кемелерін қорғауға 5 миллиард доллар жұмсады.