Газаға БҰҰ-ның гуманитарлық көмегі келді
Газа секторына Израиль мен ХАМАС арасындағы бейбіт бітімнен кейінгі алғашқы гуманитарлық көмек жеткізілді. Жүк көліктері Мысыр жақтан келген.
Оларды Біріккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы жіберді. Гуманитарлық көмек құрамында тамақ пен дәрі-дәрмек бар. Ұйым Газаға күніне 150 жүк көлігіне дейін жіберуге дайын. Шекара бойына гуманитарлық көмектің жеткілікті қоры алдын ала жинақталған. Біріккен Ұлттар Ұйымы сарапшыларының есептеуінше, жиналған қор 1 айда 1 миллионнан астам адамды асырауға жетеді.