АҚШ-тың оңтүстігінде қалың қар 31 млн тұрғынды әбігерге салды

АҚШ-тың оңтүстігінде қытымыр қыс 31 миллион тұрғынды әбігерге салды. Елдің ұлттық метеорология қызметі бұл аймақта қалың қар өте сирек кездесетінін айтады. Көптеген өңірде көп мөлшердегі ақ ұлпа 100 жылдан бері түспеген. АҚШ-тың төртінші ірі қаласы Хьюстонда қолайсыз күн райына байланысты мектептер жабылды.

Адамдар далаға шыға алмай, көшелер босап қалған. Жаңа Орлеанда қардың қалыңдығы 25 сантиметрге жетті. Мұндай жағдай қалада соңғы рет 2009 жылы тіркелген. Flightaware.com мәліметі бойынша аймақта мыңнан астам әуе рейсі кейінге шегерілді. Сондай-ақ Техас штанының оңтүстік-шығысында шамамен 30 мың үймен кәсіпорын жарықсыз қалған. Елдің ең тропикалық штаты саналатын Флорида тұрғындары кейінгі 71 жылда алғаш рет көп қарға куә болды. Ақ ұлпаның қалыңдығы 23 сантиметрден асқан.

Боб Хенсон, метеоролог:

- Күн райының бұзылуының бір себебі – климаттың өзгеруі. Ендігі мәселе біздің дайындығымызда. Өзгеріс ғаламдық жылыну, дауылдар ғана тудырып отырған жоқ, сондай-ақ жылы жақтың қысын да өзгертіп жатыр. Яғни бұл аймақтарда енді ғимараттарды жылытуға көбірек отын шығындалуы мүмкін деген сөз. Жауын-шашын көбейіп, тасқын жүру қаупі күшейеді. Біз қыстың қытымыр бола бастағанына ерекше назар аударымыз керек. Әйтпесе бәріміз қиналып қаламыз.