Түркиядағы өртенген қонақүй сүріледі

Түркияның Болу провинциясындағы тау-шаңғы демалыс орнындағы өрттен 79 адам көз жұмды. Тергеу барысында 11 күдікті қамауға алынды. Арасында Болу муниципалитеті басшысының орынбасары, өртке қарсы қызмет басшысының орынбасары және қонақүйдің иесі мен менеджері бар.

Өрттің себебі анықталып жатыр. Ішкі істер министрі қонақүйде сараптамалық жұмыс аяқталғанын айтты. 1978 жылы салынған 12 қабатты қонақүйді бұзу туралы шешімді Түркияның Қоршаған орта, қала құрылысы және климаттық өзгерістер министрі қабылдады.

Естеріңізде болса, 21 қаңтарға қараған түні тау-шаңғы орталығында өрт шықты. Қонақүйде 234 демалушы болған.