Панама билігі Д. Трамптың жоспарына қатысты шағым түсірді

Панаманың БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдігі ұйым басшысынан көмек сұрап, Дональд Трамптың жоспарына қатысты шағым түсірді.

АҚШ президенті ұлықтау рәсімі кезінде Панама каналын өз бақылауына алуға ниетті екенін мәлімдеген. Айтуынша, жергілікті билік өз міндеттерін дұрыс атқара алмай отыр. Бірақ каналға иелік ететін Панама билігі мұнымен келіспейді. Сондықтан Орталық Америкадағы бұл мемлекеттің өкілдері алаңдаушылық білдіріп, БҰҰ қауіпсіздік кеңесі мүшелерінен мәселеге назар аударуын сұрап отыр.