АҚШ-та штат прокурорлары Трамптың жарлығына қарсы шағым түсірді
АҚШ-та 22 штаттың прокурорлары президент Дональд Трамптың осы елде туған балаларға азаматтық беруге тыйым салу туралы жарлығына қарсы шағым түсірді.
Оның ішінде Калифорния, Коннектикут, ДЕлавэр және Гавай аймақтарының өкілдері бар. Прокурорлар Ақ үй басшысы бұйрығының күшін жоюды талап еткен. "Адамның бұл құқын жарлықпен шектеуге болмайды, өйткені оған Конституцияда рұқсат берілген" дейді олар. Трамп АҚШ азаматтығын тек осы елдің тұрғындарынан туған балалар ғана алады деген шешім шығарған. Бұған дейін АҚШ-та туған кез-келген сәби осы мемлекеттің азаматы атанатын. Трамп көптеген келімсектер осы ережені пайдалану үшін Америкаға әдейі келеді деп есептейді.