Румынияда картоп өндірісі күрт қысқарды

Румынияда картоп өндірісі күрт қысқарды

Румынияда фермерлер картоп өсіруден бас тартып жатыр, деп хабарлайды 24kz.

Өйткені оған кететін шығындар артқан. Содан бұл іспен айналысу тиімсіз боп барады. Бәріне қымбатшылық пен қуаңшылық себеп.

Оған жұмыс күшінің тапшылығын қосыңыз. Содан былтыр өндіріс көлемі кейінгі 8 жылдағы ең төмен деңгейге түскен. Ал Еуроодақ бойынша картоп өсіретін фермалардың үштен бірі осы Румынияда орналасқан. Қазір бар өнім елдегі ішкі сұранысты тек жартылай ғана қанағаттандырады. Сондықтан дүкендер сырттан өнім импорттауға мәжбүр. Бұл бағаның өсуіне әкеп соқтырды. Қазір картоптың бір келісі біздің ақшамен 550 теңгеге сатылып жатыр.