Turkish Airlines 13 жылдан кейін Сирияға қайта ұша бастады

Түріктің Turkish Airlines компаниясы араға 13 жыл салып, Сирияға әуе рейстерін қайта жандандырды, деп хабарлайды 24kz.

Тасымалдаушы 2012 жылдың 1 сәуірінен кейін мұнда ұшпаған.

Өйткені араб республикасында азаматтық соғыс басталған. Бірнеше жылдық үзілістен кейінгі алғашқы рейс Ыстамбұлдан Дамаскке ұшып барған. Бортында 350-ге жуық жолаушы болды. Өткен айдың басында Сирияда Башар Асад билігі құлағаннан кейін 13 жылдық үзілістен кейін Дамаскте Түркия елшілігі жұмысын қайта бастаған еді. Ал бірнеше күн бұрын Алепподағы түріктің бас консулдығы қайта ашылды.