АҚШ-тың Мексикамен шегарасына 10 мың жауынгер жіберіледі
Дональд Трамп АҚШ-тың Мексикамен арадағы шегарасына қосымша 10 мың сарбаз жібереді, деп хабарлайды 24kz.
Қазір мұнда 2500 жауынгер бар.
Әкерилер екі ел арасындағы қоршаудың құрылысына қатысып, заңсыз мигранттардың АҚШ аумағына өтпеуін қадағалайды. Жақын арада шегараға қосымша ұшақтар да жөнелтіледі. Олар 5 мың мигрантты депортациялау үшін қажет. Бірнеше күн бұрын президенттік қызметіне кіріскен Дональд Трамп АҚШ-тың оңтүстік шегарасы арқылы мигранттардың елге өтуіне тыйым салатын жарлыққа қол қойған еді.