Аргентинада құрғақшылық астық түсімін азайтты
Әлемдегі ірі астық экспорттаушы – Аргентина құрғақшылықтан қатты зардап шегіп жатыр. Егін жақсы шығуы тиіс көктем мен жаз мезгілдерінде жаңбыр мүлде жаумады, деп хабарлайды 24kz.
Елде бидай, арпа, жүгері, соя, бұршақ және күнбағыс дақылдарының түсімі кеміген. Осыған байланысты үкімет астық экспортына салынатын салық көлемін азайту туралы шешім қабылдады. Бұл шара алдағы маусым айына күшінде болмақ. Мәселен, салық көлемі соя экспортына 33%-тен 26%-ке майлы дақылдарға 31%-тен 24%-ке, ал бидай мен жүгері үшін 12%-ке 9,5%-ке дейін төмендейді.