Оңтүстік Суданда ұшақ апатынан 20 адам қаза тапты
Оңтүстік Суданда шағын ұшақ апатынан қаза тапқандар саны 20 адамға жетті. Құрбандар арасында Қытай, Үндістан мен Уганданың 5 азаматы бар. Қалғаны – жергілікті тұрғындар. Олардың барлығы мұнай компаниясында инженер болып жұмыс істеген.
Қайғылы оқиға кеше Юнити штатындағы мұнай кен орнына жақын маңда болды. Әуе кемесі көкке көтерілгеннен кейін 3 минуттан соң құлаған. Ол ел астанасына бара жатқан. Әзірге апат себебі белгісіз. Қолайсыз күн райы әсер етуі мүмкін деген алдын ала мәлімет бар. Тергеу жүріп жатыр.