Бундестаг көші-қонды шектеу туралы заң жобасын кері қайтарды

Германия парламенті көші-қон саясатын қатаңдату туралы заң жобасын кері қайтарды, деп хабарлайды 24kz.

Құжатты 338 депутат қолдаса, 350-і қарсы дауыс берген. Бұл бастаманы консерватор Фридрих Мерц ұсынды. Оның айтуынша, заң жобасы мигранттар тарапынан жасалған құқықбұзушылықты азайтып, шекаралық бақылау енгізуді көздейді. Бірнеше күн бұрын заң шығарушы орган құжатты қабылдады. Бірақ оппозициялық консерваторлар алғаш рет оңшылдармен ынтымақтастықтан бас тарту туралы келісімді бұзды деп айыпталғаннан кейін бұл шешімнен бас тартты.