Қытайда тағы жер сілкінді
Қытайда тағы да жер сілкінді, деп хабарлайды 24kz.
Бұл жолы жерасты дүмпуі Шыңжаң ұйғыр автономдық ауданындағы Куча қаласында тіркелді. Қытайдың сейсмологиялық орталығының мәліметіне сәйкес зілзала бір күнде екі рет болған. 10 шақырым тереңдікте тіркелген зілзала магнитудасы 5 балға дейін жетті. Дүмпу елдің солтүстік-батысындағы бірнеше қалада сезілген. Қазір табиғи апат ауданына Төтенше жағдай қызметінің мамандары мен жедел құтқару жасақтары жөнелтілген. Зардап шеккендер мен жарақат алғандар туралы мәлімет әлі жарияланған жоқ.