Асанәлі Әшімов сайлауда өз таңдауын жасады

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауында өнер адамдары да дауыс беруге қатысуда.

Қазақстанның Еңбек ері, халық артисі Асанәлі Әшімов өзінің жұбайымен бірге Алматыдағы номері 382-сайлау учаскесіне келіп өзінің таңдауын жасады. Қазақ киносының майталманы саяси науқанға үлкен жауапкершілікпен қарайтынын айтады. Болашақта заң шығарумен айналысатын депутаттар өнердің өркендеп, экономиканың өсуіне атсалысуы керек дейді.         

Асанәлі Әшімов, Қазақстанның Еңбек ері, халық артисі:

- Еңбек ететін адамдар өтіп жатса Мәжіліске мен соған ризамын. Халық үшін жұмыс істеген адам мен жағында. Мен өзі Халық артисімін. Әр уақытта халық жағында. Сондықтан Парламентке барған адамдардың барлығы халықтың әл-ауқатын, елдің мәдениетін, әдебиетін жоғары ұстап әбиірлі болсын деймін.