425,63 492.05 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Димаш Құдайберген Кубаның ұлттық телеарнасында ән шырқады

  • 155
  • UPD: 13:59, 30.09.2021
Димаш Құдайберген Кубаның ұлттық телеарнасында ән шырқады dimashnews.com

29 қыркүйекте Куба телеарнасының «De La Gran Escena» («Ұлы сахнада») бағдарламасында қазақстандық орындаушының әні тағы да шырқалды, деп хабарлайды Dimashnews.com.

Қазақстандық әншінің «Olimpico» танымал әні Cubavisión Ұлттық телеарнасының «La música, ese placer» («Музыка – бұл жан рахаты») бағдарламасының шымылдығын жапты.

«De La Gran Escena» («Ұлы сахнада») бағдарламасы алғаш рет 1985 жылы эфирге жол тартты. Ол барлық кезеңдегі Кубалық және әлемдік музыкалық шығармалардың ең танымалдарын ұсынады. Бағдарламаны телеарнаның ең беделді журналистері жүргізеді.

«Біздің сүйікті әншімізді телеарнадан көрсетуді сұраған кубалық Dears-ке тағы да алғыс айтқымыз келеді! Осының арқасында Димаштың шығармашылығымен адамдар тағы да көптеп танысады деген үміттенеміз», – деп әртістің кубалық жанкүйерлері Instagram-аккаунтында бөлісті.

Хабар 24 телеарнасы