«Хабар» арнасында «Маска» шоуының жаңа маусымы көрсетіледі

Бүгін «Хабар» арнасында «Маска» шоуының жаңа маусымы басталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Музыкалық тележоба әр сенбі сайын сағат 19:15-те көрсетіледі. Көптің көңілінен шыққан танымал шоудың жеңімпазы атану үшін 14 қатысушы бақ сынайды. Кімдер екені әзірге жұртқа жұмбақ. Олар түрлі образда жасырынған әнші, биші, әзілкеш, жүргізуші, блогер болуы мүмкін. Белгілісі ел алдында жүрген танымал тұлғаның бірі. Қатысушылар жанды дауыста ән шырқайды. Өзінің кім екенін жұмбақтап жеткізеді. Енді жасырынған осы жұлдыздың құпиясын бірге ашуға шақырамыз.

Айта кетейік, «Маска» шоуы Кореяда шыққан тележобаның қазақстандық нұсқасы. Алғашқы маусым былтыр наурызда шығып, көпшіліктің қызығушылығына ие болған.

Марат Оралғазин «Маска» шоуындағы қазылар алқасының мүшесі:

– Алғашқы маусымда тәжірибе аз бәрінде. Сондықтан ұсталып қала беретін. Ал қазір маска киген жұлдыздардың қулықтары артып кеткен. Ешкімді таппай қалған кездер болды.