Н.Тілендиевтің 100 жылдығы кең көлемде аталып өтеді

Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл датаны кең көлемде атап өту қажет екенін айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Президент бүгін «Отырар сазы» оркестрінің жетекшісі Динара Тілендиеваны қабылдады. Кездесу барысында қазақ мәдениетін дамыту мәселелері талқыланды. Динара Тілендиева мемлекеттік академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрдің қызметі мен жоспарын баяндады. Қазақтың белгілі музыканттарының танымал туындыларын және италиялық тенор Андреа Бочеллидің репертуарындағы шығармаларды орындау жөнінде айтты.

Динара Тілендиева Қазақстан Президентіне «Отырар сазы» мемлекеттік академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрінің қызметі мен алдағы жоспары туралы мәлімет берді. 2025 жылы аса көрнекті композитор Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толады. Кездесуде осы мерейтойға арнайы назар аударылды. Қасым-Жомарт Тоқаев аталған маңызды оқиғаны кең көлемде атап өту қажет екенін айтты.