Анадолыда Мұхтар Шахановтың әуезді әуендері шырқалды

Анадолыда Мұхтар Шахановтың әуезді әуендері шырқалды. Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының Қазақстанның Еңбек ері, ақын Мұхтар Шахановтың 80 жылдық мерейтойына орайластырылған концерті Анкара мемлекеттік Кескіндеме және мүсін мұражайының концерттік залында өтті деп хабарлайды «Хабар 24».

Онда Түркістан облысы мәдениет басқармасы және Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония әншілері өнер көрсетіп, көрерменнің көңілінен шықты. Мерейтойлық концертте Шахановтың шығармаларымен қатар түріктің дәстүрлі және эстрадалық әндері орындалды.

Хакан Арслан, тұрғын:

- Мұхтар Шахановтың туындылары тамаша. Ақынның өзімен және шығармашылығымен танысқаныма қуаныштымын. Оның мерейтойын Анкарада өткізу біз үшін үлкен мәртебе.

Умит Коч, флейтист, музыкант:

-Керемет концерт болды. Шахановтың шығармаларын бірінші рет тыңдадым. Музыкант ретінде қазақ- түрік әуендерінің ұқсастығын байқадым. Керемет сезім.

Сондай-ақ...