Нью-Йорктегі тұрақты өкілдікте «Шаңырақ» залы ашылды

Нью-Йорктегі тұрақты өкілдікте «Шаңырақ» залы ашылды

Нью-Йорк қаласында БҰҰ жанындағы еліміздің тұрақты өкілдігінде «Шаңырақ» залы ашылды. Бұл – бірегей өнер жобасы, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тың бастаманы Қазақстанның халықаралық ұйымдағы тұрақты өкілі Мағжан Ильясов ұсынған. Мұндағы тұрақты өкілдіктің төрт бағанасы еліміздің әсем табиғатын бейнеленген суреттерге толы. Бағаналарға да символды түрде «Солтүстік», «Оңтүстік», «Батыс» және «Шығыс» деп атау берілген.