Еліміздегі белгілі қуыршақ театрлары Ақтөбеде бас қосты

Өңірде дәстүрлі «Ассалаумағалейкүм» халықаралық фестивалі басталды,  деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәдени шараға отандық өнерпаздардан бөлек Ресей Федерациясының Бурят, Ингуш, Башқұртстаннан келген жас көрермендер театрлары, Өзбекстаннан Ферғана облыстық және Қырғыз мемлекеттік қуыршақ театрларының өкілдері қатысуда. Пандемияға байланысты екі жылдық үзілістен кейін қайта жанданып отырған фестивальде 14 ұжым әлем классикасынан бастап түрлі ұлт әдебиетінен қойылымдар сахналайтын болады. Әділқазылар алқасы үздік спектакль мен режиссураны, үздік сценография мен музыкалық көркемдеуді және актер мен актрисаны анықтайды. Облыстық «Алақай» қуыршақ театрның сахнасында өтетін қойылымдарды тегін тамашалауға мүмкіндік бар.  +снх

Әсия Кұрманалина, облыстық «Алақай» қуыршақ театрының  директоры:

- Бұл фестиваль – театрымыздың мақтанышы. Әріптестерімізбен тәжірибе алмасып қана қоймай, бүлдіршіндерімізді, кішкентай көрермендерді қызықты қойылымдармен қуанта аламыз. Ақтөбелік балалар өзге ұлтттардың дәстүрімен танысады. Театр әлеміне, мәдениетке бір табан жақындай түседі.