Түркістанда «Ескерткіштерді қорғайтын халық» конференциясы өтті

«Ескерткіштерді қорғайтын халық».

Түркістанда осындай атаумен  халықаралық конференция басталды. Құнды мұра, қасиетті орындар мен зиярат ету туризмі тақырыбын арқау еткен жиынға тәжірибе алмасу үшін 20 елден 60-қа жуық сарапшы келді. Олар студенттердің біліктілігін жетілдірудегі тарихи экскурсиялардың рөлі жайында пікір алысты. Басқосуда Қазақстанның киелі орындары географиясына кіретін мәдени мұралардың қазіргі жай-күйі мен проблемалары да сөз болды. Үш күндік конференция кезінде туризм бағытында білім беретін жоғарғы оқу орындары арасында ынтымақтастық жөнінде меморандум бекітіледі.

Айдос Сәкенов, халықаралық туризм және меймандостық университетінің ректоры:

- Ең басты мақсатымыз - мәдени мұрамызды қалай сақтаймыз? Туристік әлеуетін қалай жоғарылатамыз? Ең бірінші мәселе сол. Көптеген тарихи әлеуеті жоғары мавзолейлер бар. Соларды барлық тәуекелдерден сақтап, жойылудан сақтап туристік бейімділігін насихаттау керек.