Елордада «UMAI» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары марапатталды

Елордада Umai Бірінші ұлттық сыйлығының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңа байқаудың мақсаты - қазақстандық мәдениет қайраткерлерінің шығармашылық жетістіктерін қолдау. Іріктеу 5 айға созылды, барлығы 400-ден астам өтінім түскен. 19 лауреатқа статуэткалар мен ақшалай сыйлықтар берілді. Сыйлықтың жалпы жүлде қоры - 54 млн теңге. Нәтижесінде «Үздік музыкалық ансамбль», «DUET CLASSIC» деп танылды, би ұжымы – «Аққу» ансамблі, жылдың хореографы - Мұқарам Әбубахриева. «Балеттегі үздік орындаушылар» атағына Айнұр Әбілғазина мен Азамат Асқаров ие болды.