Сеулде қазақстандық фотосүретші Натали Карпушенконың алғашқы жеке көрмесі өтіп жатыр

Сеулде қазақстандық фотосүретші Натали Карпушенконың алғашқы жеке көрмесі өтіп жатыр

Бұл қалада ол өзінің 200-ге жуық туындысын ұсынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көрме бірнеше тақырыпқа бөлінген, оларда «Мұхит тынысы», «Көтеріліп келе жатқан әйел», «Су тамшысы» және «Періште» жобалары көрсетіледі. Натали – тәуелсіз Қазақстанның құрдасы. Астана қаласында туған. 20 жасында ол әлемді аралап, суреттер түсірумен айналыса бастады. Автор көрермендердің назарын экологиялық мәселелер мен жануарларды қорғауға аударуға тырысады. Көрмеде киттердің фотосуреттері ерекше орын алады. Натали Карпушенконың Сеулдегі көрмесі 2023 жылдың 7 мамырына дейін жалғасады.

Квон Сун Гук, Сеул тұрғыны:

- Көрме климаттық дағдарыс туралы ойлануға мүмкіндік береді. Бір айта кетерлігі, өзекті мәселелер өте әдемі көрсетілген, сондықтан мен қатты әсер алдым. Фотосуреттерге қарап, қазір біздің көмегімізге мұқтаж жандар бар екенін түсінесіз.