Қарағандыдағы көрмеге балалардың қыс мезгілі туралы салған картиналары қойылды
Қарағандыда бейнелеу өнері музейінде бүлдіршіндерге арналған «Қыс мезгілінің қызықтары» көрмесі өтіп жатыр.
Оған балалар салған 65-ке жуық картина мен 100 ден астам кәсіби суретшінің туындысы қойылды. Бұл музей мамандарының балалар жылын қорытындылау шарасы.
Қарағанды облысының шығармашылық студиялары, сурет салу үйірмелері мен жалпы сурет өнеріне қызығатын бүлдіршіндердің көбі бүгін осында. Мысалы 11 жастағы Гүлназ Серікованың картинасы алғаш рет көпшілік назарына ұсынылып отыр. Жас таланттың тұсаукесері десе болады.
Гүлназ Серікова, суретші:
- Мен сурет салып жүргеніме 1 жылдай болды. Мен сурет салуды өте қатты жақсы көремін. Осы «Натворимге» барғалы суретке қатты жақын болып қалдым. Сурет салуға. Мен екі апта дайындалып, екі апта салдым. Мен оны акварель және гуашьпен тычек әдісімен салдым.
Жастардың жаңажылдық туындылары музей қорындағы картиналармен қатар қойылып отыр. Музей - жас суретшілермен кәсіби қылқалам шеберлерінің басы біріккен алаңға айналған. Көрмедегі суреттерде әр түрлі стиль мен техника бояу мен әдіс көрініс тапқан.
Бибігүл Құдабаева, облыстық бейнелеу өнері мұражайының директоры:
- Арнайы талап болды. Сурет не қыстың қызықтарына немесе жаңа жылға арналуы тиіс болған. Бүгінгі залдың көркін келтіріп тұрған суреттердің барлығы іріктеліп алғандар. Бір қызығы Жаңа жыл тақырыбына 1 ғана картина келсе, қыстың қызықтары деген тақырып бойынша 64 картина келді. Қысқы пейзаждар балалар қолымен әдемі жеткізілген дер едік.
Көрмеге туындысын қойған бүлдіршіндер үшін сахналанған қойылымдар ұйымдастырылды, Балалар суретші ғана емес, сахналанған қойылымның әртістері ретінде де өздерін көрсете білді. Көрме 20 күн бойы жалғасады.
Дәуренбек Бағдәулетұлы, Сайлау Игіліков, Зарина Зұлпыхар