Ержан Максим бас жүлде жеңіп алды
Қазақстандық жас әншілер халықаралық байқауда топ жарды.
Бүкіләлемдік фестивальдер қауымдастығы ұйымдастырған өнер сайысында Ержан Максим Бас жүлдені жеңіп алса, Алтынай Төлеген екінші орынды иеленді. Оған Еуропа пен Азияның 16 мемлекетінен үздік деген 32 өнерпаз қатысты. Қазақтың қос әншісі бұл музыкалық байқауда жеңімпаз атанып қана қоймай жыл бойы еткен еңбегі үшін үздік деп танылды. Олардың өнеріне әлемдік вокалистер тәнті болып отыр. Ендігі байқау тамыз айында Македонияда өтеді.
Ержан Максим, байқау жеңімпазы:
- Бүгін Македонияның төрінде Скопия қаласында біз жалғыз Гран приді жеңіп алдық. Осы жеңісімді мен тек қана Қазақ еліне және де қазақ Ұлттық өнер университетіне арнаймын. Көп көп раахмет. Барлықтарыңызды қатты жақсы көремін. Беттерңізден сүйдім. Жеңіс құтты болсын! Ураааа!!!!
Марьян Катароски, WAF бүкіләлемдік фестивальдер қауымдастығының президенті:
- Қазақстандық қатысушыларды құттықтаймын. Олар өте дарынды. Келешегінен зор үміт күттіреді. Әлі қауымдастықтың талай шараларында топ жаратынына сенемін. Өнерпаздарға лайықты баға берілді. Жеңімпаздармен әрі қарай да жұмыс істейтін боламыз.