Түрік кітап сөрелері қазақ романымен толықты
Түрік кітап сөрелері тағы бір қазақ романымен толықты.
Анкарада Жолтай Жұмат-Әлмашұлының “Махаббат және өшпенділік” туындысының түрік тіліндегі нұсқасы таныстырылды. Салтанатты шара Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының штаб-пәтерінде өтті. Оған түркі жұртының қоғам қайраткерлері, көрнекті өкілдері мен дипломаттар қатысты. Қазақтың қара домалақ баласының шетелдегі қайшылықтарға толы өмірі баяндалады. Еуразия жазушылар одағы басшысы Якуп Өмероғлұның пікірінше, жаһандану уақытында мұндай роман-әңгімелерді шығару маңызды.
Якуп Өмероғлұ, Еуразия Жазушылар одағы басшысы:
- Қазір глобализация уақытында глобалдық тақырыптардағы романдарды шығаруымыз керек. Сол жағынан бізге қызық келді. Себебі глобалды тақырыптағы романдарды жазушылар өте аз. Ол глобалды фонмен қазақтың рухы мен мәдениетін көтеріп жатыр.
Жолтай Жұмат-Әлмашұлы, "Махаббат және өшпенділік" романының авторы:
- Түркияда 85 млн қандастарымыз тұрады. Түрік халқы әлемдік Еуропаға шығуға мүмкіндік болады. Сондықтан осы шығармаларды мүмкіндігінше бірінші біздің қандас бауырларымыз таныса білсе екен дедім. Алдағы уақытта түрік тіліне аударған шығармалары ағылшын тіліне, француз тілінде шығып жатса жалғыз менің емес, қазақтың мәртебесі болады деп ойлаймын.