Ғылыми жинақ жарық көрді
Бүгін елордадағы Ұлттық музейде «Қазақстандағы археологиялық зерттеулер-2021» кітабының тұсаукесері болды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Оның авторы – Мәдени мұраны ғылыми-зерттеу институтының археологтары. Аталмыш жинақта 2021 жылғы атқарылған экспедициялар туралы мәлімет жазылған. Яғни, кітапта ескерткіштердің атауы, олардың хронологиясы мен зерттеу барысындағы қаржы көздері бойынша ақпараттар бар. Ғылыми еңбекті жазуға 1 жыл уақыт кеткен. Зерттеушілердің айтуыша, мұндай жинақ отандық археология тарихында алғаш рет басып шығарылып отыр.
Айбар Қасенәлі, ҚР Ұлттық музейі Мәдени мұраны ғылыми-зерттеу институтының басшысы:
- Бұл жинақты жинақтау барысында сараптамалық жұмыстар атқарылды. Біз 2021 жылы Қазақстанда 222 нысанның зерттелгенін айта аламыз. Оның типологиялық, хронологиялық, облыстық көрсеткіштері берілген. Яғни, ең үлкен көрсеткіштер ескерткіштердің түрі бойынша 118 жерлеу құрылысы зерттелген.