Елордада ым-ишара тіліндегі қойылымдар өтеді
5-6 ақпанда Астанада #EREKSHEteatr-ның шығармашылық қойылымдары өтеді.
Елордалық көрермен «Sensitive» ерекше би ұжымының өнерін тамашалайды, оның құрамында есту қабілеті бұзылған бишілер бар. Параолимпиада ойындарының екі мәрте жеңімпаздары мерейтойлық концертте «Мы с тобой одной крови» деген ым-шара тіліндегі қойылым да қоймақ. Әлеуметтік драма Орталық Азиядағы ым-шара тіліндегі жалғыз спектакль. Ұлттық дельфий комитеті директорының айтуынша, бүгінде коррекциялық мектептерді бітірген ерекше балаларда шығармашылық мамандықтарға оқуға мүмкіндігі аз. Сондықтан олардың жұмысқа орналасуында кедергі бар, - деді Құралай Түспекова.
Құралай Түспекова, Ұлттық Дельфий комитетінің директоры:
- Біз ерекше балаларға оқу бағдарламасын әзірлеуге атсалысуға дайынбыз. Бірақ жоғары оқу орындарының академиялық еркіндігі тағы бар. Бұл саланың ауқымды дамуына кедергі келтіреді. Дегенмен, Петропавлда жергілікті билік өкілдері мен оқу орындарының басшылығы бірлесіп, осындай балаларды оқытты. Қазір олар хореография бөлімінде оқиды.