Петропавлда «Біздің Мағжан» көрмесі ұйымдастырылды

Түркі дүниесінің бірегей тұлғасы Мағжан Жұмабаевтың шығармалары цифрлық форматқа көшірілді, деп хабарлайды «Хабар 24»

Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының мамандары туындылардың электрондық нұсқасын дайындау үшін 15 жыл бойы еңбектенген. Мұнымен қоса ақын туралы туындыларды интернеттен де тауып оқуға болады. Ол үшін мобильді кітапхана қосымшасы әзірленді. Ол жерге шамамен 70-ке жуық еңбек жүктелген. Жаңа да айттық, осы жылы көрнекті ақынның туғанына – 130 жыл. Айтулы датаға орай Петропавлда «Біздің Мағжан» атты арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Қайыржан Мәлікова, С. Мұқанов атындағы облыстық кітапхананың бөлім басшысы:

- Өмірі мен шығармашылығына қатысты кітаптар, түрлі жылдары түрлі мерзімді басылым беттерінде жарық көрген мақалалар, сонымен қатар осы біздің облыстық архивтен, Мағжан Жұмабаевтың туған жері – Сарытомарда ашылған музейден алынған архив құжаттарының көшірмелері қойылған. Кітап көрмесі жыл бой біздің оқырмандар үшін жұмыс істейтін болады.