Отандық подкаст дамып келеді
Елімізде отандық подкаст дамып жатыр.
Бүгінде танымал сервистерде оның қазақша нұсқасы көбейген. Мамандардың айтуынша, әлемдік аудиоконтент нарығы дамып келеді, тиісінше қазақстандық аудио жазбаларға сұраныс артуда. Саладағы өзгерістер мен жаңашылдықтар туралы тілшіміз айтып береді.
Отандық подкаст қарқынды дамып келеді. Әсіресе қазақ тіліндегі подкастқа сұраныс көп екен. Дегемен, төл тіліміздегі контенттің басым бөлігі сұхбат түрінде. Енді оны жан жақтыдамыту міндеті тұр. Тек құлшыныс пен сұраныс үйлесім табуы керек.
Махат Садық, журналист:
- Қазақ подкастарын көбейту керек. Оған мемлекет тарапынан да қолдау керек. Подкастың қажеттілігі біздің қоғамдағы ой айтатын, фейсбук, әлеуметтік желіде жүр ғой енді солардың еркін сөйлеуіне мүмкіндік береді. Подкаст арқылы біз күрделі мәселелелерді шығарып, соны шешу жолдарын және де соған қажетті аудиторияны дайындай білуіміз керек.
Сала мамандарының айтуынша, бүгінде видео подкасттардың монетизациясы жақсы дамыған. Мамандардың айтуынша, подкаст тек сұрақ-жауап немесе сұхбат түрінде емес, кәсіби тәжірибе, ғылыми жаңалықтар мен саяси мәселелерді талдауда таптырмас алаң.
Мөлдір Бақытқызы, ақпараттық технологиялар басқармасының басшысы:
- Эйплдің подкасттарына кіріп қарасақ, ол жерде қазақ тіліне қатысты түрлі подкасттар бар. Мысалы, 300-ден аса подкаст аудио жасап жүргендер бар екен. Тақырыптары да өзекті. Жылдан жылға әртүрлі саладағы жақсы сападағы видео контенттер ұлғайып келеді. Қазір трендке айналған қаржылық сауаттылық, иә. Психология халықтың сұранысында. Өзін-өзі дамыту, басқару.
Бүгінде қазақша подкасттарда психологиялық талдау, бала тәрбиесі, экоөмір салты, шетелде білім алу сынды өзекті тақырыптар белең алып келеді. Өкініштісі, қазақ тіліндегі контенттің ішінде ғылыми-танымдық сала әлі де кенже қалып отыр, дейді мамандар.
Нұржан Сейсенбек, Ш. Шаяхметов атындағы "Тіл-қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бас менеджері:
- Осы жылы электронды кітапхана қорын әзірлемекшіміз. Ол жаңағы айтып кеткен мәселені шешеді деген ойдамыз. Десертациялар, мақалалар сол жерде жинақталады деп ойламыз. Осыдан 10 жыл бұрынмен салыстырғанда қазақша контент көп.
Елімізге подкастинг саласы 15 жыл бұрын енген. Demand Sage-тің дерегінше, әлем бойынша 2 млн подкаст бар. Ал подкаст тыңдаушылар саны орташа есеппен 424 млн-ға дейін жеткен.
Наргиз Бекмағанбетова, Диас Қовланбаев