Астанада «Ауылға кітап» шарасы өтті
Елордадағы Ұлттық академиялық кітапхана мамандары «Ауылға кітап» шарасын ұйымдастырды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Жергілікті қызметкерлер қазақстандық авторлармен келісіп, түрлі жанрда жазылған туындыларды бірлесіп жинап жатыр. Бұл кітаптар еліміздің түрлі өңірінде орнласқан елді мекендерге жөнелтіледі. Алғашқы партия Түркістан облысына аттанады. Іс-шара халық арасында кітап оқу мәдениетін насихаттап, қазақ тіліндегі туындыларға деген сұранысты арттыру үшін өтіп жатыр.
Ғазиза Құдайбергенқызы, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры:
- Бірнеше күн болды, әлеуметтік желіде қаламгерлер, оқырмандарымыз, барлығы кітаптар сыйлап жатыр. Халықаралық байланыстар жақсы жолға қойлыған. Елішілік өкілдері осында келді. Осы жиналған кітаптар Түркістан өңіріне жіберіледі.