Қазақстан мен Корея музей қызметкерлері тәжірибе алмасты
Қазақстан мен кореялық музей қызметкерлері тәжірибе алмасты.
Сеулге Алматы мен Алматы облысының мұражай бірлестігінің делегациясы барды. Сала мамандары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл елде музейге деген құрмет ерекше. Кореялық мамандар тарихи құжаттарды цифрландыруға ерекше мән береді екен. Әр түрлі көрмелеріде көп өтеді. Тіпті бұлаққа арналған мұражай да бар. Тарихпен танысам дегендерге мұражайға кіру тегін. Келер жылы Алматыда Сеул тарихы музейі көрме өткізеді. Сондай-ақ кореялық мамандардың тәжірибесі Қонаев қаласындағы жаңа мәдениет нысандардың құрылысы кезінде ескерілетін болады.
Әлия Төтеева, Алматы облыстық музейлер бірлестігі директорының орынбасары:
- Бізде Алматы облысы бойынша 3 нысан бойынша жұмыстар жүргізіліп бара жатыр. Қонаев центр, музейін салу. Және Шеңгелді караван сарай аспан астындағы музейді салу мақсаттамыз. Сондықтан осы Кореяда болып үлкен тәжірибе алып кейінгі кезде біздің саламызға да үлкен әсерін тигізетіне сенімдіміз.