Елордада «Абай» операсы сахналанды

Елордада Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абай» операсы сахналанды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әйгілі дирижер Алан Бөрібаев жетекшілік еткен қойылымға жиналған жұрт көп. Қазақ өнерінің биігінде тұрған «Абай» операсында қоғамның ащы шындықтары айтылады. Ұлт тарихы да бедерленген. Мұхтар Әуезовтың бұл туындысы – мәңгілік, - дейді әртістер. Кейіпкерлерді сомдау да оңайға соқпайтынын айтады. Спектакль ертең  «Астана опера» театрында жалғасады. Бұл жолы сахнада бірқатар актердің дебюті болады. Ұжым алдағы уақытта қойылымды өзге өңірлерде сахналауды жоспарлап отыр.

Алан Бөрібаев, «Абай» операсының қоюшы дирижері:

- Мен көптеген қойылымға жетекшілік жасадым. Бірақ бәрінің арасында «Абай» операсының шоқтығы биік. Әр сахналаған сайын ерекше сезімде боламын. Ең сүйікті операм. Біздің міндетіміз – қойылымды өміршең қылу. Сахнаға мүмкіндігінше жиі шығарып, шетелдіктерге де көрсетуіміз керек.