Корея жерінде қазақ әндері шырқалды
Корея төрінде қазақ әндері шалқыды. Ақтөбе камералық хоры осы елдің бірнеше қаласын аралап, өнер көрсетті.
Шығармашылық ұжым Чеджу аралында өткен халықаралық фестивалге де қатысты. Қатысып қана қоймай, үздіктер қатарынан көрінді.
Ақтөбелік ұжымның Кореяға жасаған сапары нәтижелі болды. Мысалы Пентэк қаласындағы концертте әншілер кәрістің танымал әні Бимокты автордың алдында орындады.
Дүйсен Қасейінов, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері:
- Досымды отыз жыл білемін. Отыз жыл осы өленді білемін. Сондықтан біздің жастар да бұл өленді білсін деп біздің қазақ жастар білсін деп осы өленді үйренді біздің хорымыз.
Өнер ұжымы бірнеше тілде танымал әндерді орындады. Жергілікті көрермендерге корейше шырқалған туындылар ерекше әсерге бөледі.
Чон Сун Хи, Пёнтэк қаласының түрғыны:
- Маған концерт өте қатты ұнады. Әсіресе Ариран әнін әртістер акцентсіз орындады.
Айбек Кемал, Ақтөбе облыстық филармониясының директоры:
- Ең басты мақсат қазақ төл өнерін қазақ ән мұрасын осы Корей республикасына, корей халқына арнау, дәріптеу, таныту мақсатында және соңында өздеріңіз байқағандай жалпы ұлттық достықтың символы ретінде сол Ариран әні орындалды.
Чеджу аралында өткен фестивальге 7 мемлекеттен келген 30 шақты хор қатысты. Қазылар алқасы біздің әртістердің кәсіби деңгейін ерекше атап өтті.
Мейірбол Құспанов, қазақ камералық хорының көркемдік жетекшісі:
- Алдағы жоспарымыздың ең маңыздысы ол Академиялық атақ алу ұжымға. Бізде тек екі мәселе бар туындап тұрған. Ол бірінші өзге елдерде біздің ұжым туралы статьялар шығу керекғ мақалалар шығу керек. Және де сондай мақалалар көп болу керек. Және де мемлекеттік наградалар болу керек.
Шетелдік гастрольден кейін ақтөбелік хор академиялық атақты алуға бір қадам жақындай түсті. Сондай-ақ өнер ұжымы Өзбекістан, Индонезия, Филиппин және АҚШ-қа концерт өткізуге шақырту алды.
Владислав Цой, Ольга Лян