Жамбыл ауданында «Жамбыл күні» мәдени-рухани шығармашылық іс шара өтті
Ақпан айының соңғы жұлдызы - жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туған күні.
Бүгін ақынның туған жері Алматы облысы, Жамбыл ауданында дәстүрлі «Жамбыл күні» мәдени-рухани шығармашылық іс шара өтті. Мемлекет қайраткері Нұрлан Оразалин бастаған зиялы қауым өкілдері Жамбыл мұрасының өміршеңдігін, өлмес жырлары өскелең ұрпаққа өнеге, өмірлік мирас екенін атап өтті. Өткен жылы Жамбыл Жабаевтың он томдық жинағы жарық көрді. Түркия мемлекетінде батыс пен шығыс ғалымдарының басын қосқан ғылыми теориялық конференция болды. Жамбыл жырлары түрік, әзірбайжан, франсуз, жапон тілдеріне аударылды. Кездесуде ақын өлеңдері оқылып, өнерпаздар әсем әуендерді әуелеті.
Әуелбек Ысқақ, ақын:
- Дарынды Жамбыл сен едің, Қадіріңді білгенге Алатаумен тең едің, айналаңда біз қайық, сен бір жүзген кеме едің. Алдыңнан шықты құрметтеп, Үмбеталы, Кененің деген екен. Ал енді айтыскерлігі ол ерекше. Жамбыл да нешетүрлі айтыстарға қатысса, Үмбеталы да заңды соның жалғасы болып осы заманға жеткізген.