«Гүлдер» ансамблі Алматы қаласында концерт өткізеді
Сахнаға қайта оралған «Гүлдер» ансамблі мамыр айында Алматы қаласында концерт өткізеді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Әрі қарай шығармашылық ұжым өзге өңірлер мен шетелдегі алғашқы гастрольдік іссапарын бастайды. Қазір қайта құрылған топта 15 биші мен 9 музыкант бар. Жаңа құрам жастардан жасақталып жатыр. Ансамбльге елге белгілі музыканттар мен хореографтар жетекшілік жасайды.
Айта кетейік, кеше елордада ұжымның тұсаукесер концерті өткен еді. Мұнда ансамбльдің алтын қорындағы ән-билер сахналанды. Алдағы уақытта жаңа құрам тыңдармандарды төл туындыларымен қуантпақ.
Ақтоты Райымқұлова, Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» МКҰ директоры:
- Алда осы «Гүлдер» ансамблінің құрамымен Алматыда үлкен тұсаукесер концертін өткіземіз деп жоспарлап отырмыз. Оған дейін де 2-3 концерт жасаймыз деп жоспарлап отырмыз. Өйткені өнерді шыңдау – біздің негізігі мақсатымыз. Сонымен қатар осы құраммен Қырғызстан, Өзбекстанға, Түркияға шығамыз деп жоспралап отырмыз.