Алматыда қолөнершілердің көрме-жәрмеңкесі ашылды
Алматыдағы орталық музейде Орталық Азия қолөнер шеберлерінің «Қызғалдақтар гүлдегенде» деп аталатын көрме-жәрмеңкесі ашылды.
Іс-шараға еліміздің және Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстаннан келген шеберлер мен суретшілер және дизайнерлер қатысып жатыр. Жәрмеңкеге этно-стильдегі жаңа киім үлгілері мен зергерлік бұйымдар, керамика, металл, киіз бен жібектен жасалған, әртүрлі заттар және суретшілердің картиналары қойылған. Мақсат көршілес елдер арасындағы мәдени байланысты нығайту. Жәрмеңкеге қыш өнерінің һас шебері Марат Сәрсебаев та келіпті. Оның жұбайы қазақтың ұлттық киімдерін киген қуыр-шақтарын жасаса, отағасы Сығанақ пен Отырардан, Тараздан табылған көне дүниелердің көшірмесін әкеліпті.
Марат Сәрсебаев, қыш шебері:
- Халыққа көрсету, халыққа таныстыру өзіміздің де осындай үлкен мәдениет болғанын, мәдени дүниелердің көп болғанын ерте дүниеден бастап. Міне мысалға мынандай дүниелер мынау енді Отырардан шыққан дүниелер. Енді соның технологияларын жасап көрсетуге сондай бір тырысу болды менде. Бір жағынан өзіңнің де ойлаған дүниелерің бар. Сондай, сондай заттарды ақырындап, ақырындап халыққа көрсету. Міне таза глазур, таза дүние.