Астанада ақын Е.Алшынбайдың «Жоғалған таулар» жыр жинағының тұсаукесері өтті
Қазақ әдебиеті тағы бір рухани туындымен толықты.
Астанада ақын, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің бас жүлдесінің иегері Ербол Алшынбайдың «Жоғалған таулар» атты жыр жинағының тұсаукесер рәсімі өтті. Поэзия кешіне Несіпбек Айтұлы, Тұрсын Жұртбай, Ғалым Жайлыбай секілді ақын – жазушылармен қатар жас қаламгерлер қатысты. Жинаққа автордың жаңа өлеңдері, баллада, поэмалары енген. Мың дана болып шыққан кітап облыстарға таратылады. Онда ақынның сиясы кеппеген өлеңдерімен қатар, баллада, поэмалары топтастырылған.
Ербол Алшынбай, ақын:
- Көшпенділердің ұлы өркениетін адамзат ұмыта бастады, біз өзімізге көшпендінің ұрпағы бізге сол жасаған ұлы өркенитімізді ұмыта бастаған сияқтымыз. Бұл сол жоғалған өркениетке талай қазақтың игі жақсыларының таудай ағаларымыздың жанында іні болып жүрдік, соларға және шетте қалған қазақтың жеріне кірмей қалған біздің ұлы қоныстарымыз жайында.